Спорт

Петропавлда әйелдер арасында волейболдан Жоғарғы лига ойындарының 3-ші кезеңі аяқталды

Екінші ойында доп қарағандылықтардың алаңына жиірек түсті. Дегенмен, бұл сетте қонақ команда қарсыластарын жеңіп, есепті 1 де 1 қылып теңестірді.
Ал келесі ойында тізгінді теріскейлік «Қуаныш» командасы алды. Бұл жолы олар ұтымды сәттер туғызып, қарсылас команданың алаңына жойқын соққылар бағыттап отырды. Осылайша жерлестеріміз керекті ұпайларын еншіледі. 3-ші сет 19 да 25-пен аяқталды.

Геннадий Фимушкин – жарыстың бас төрешісі:

-Бұл ойынға 6 команда қатысуда. Барлығы да мықтылар. Дегенмен, бұл шешуші ойын емес. Алда әлі олар екі жарыс өткізеді. Жалпы турнирлік кестеде 14 ұпаймен оңтүстік астананың өкілдері көш басында, одан кейін 13 ұпайды еншілеген қостанайлық қыздар, ал үздік үштікті 9 ұпаймен теріскейліктер тұйықтап тұр.

Есеп 2 де 1. Шешуші ойын енді басталды. Екі команда спортшылары сәл шаршаңқы күйде. Екі жақ та жеңісті қолдан бермеуге тырысып бағуда. Бірақ, жеңімпаз біреу ғана. Ол соңғы сетті 25 те 13-пен аяқтаған «Қуаныш» ВК-ның қыздары.
Жарыс соңында құрамалардың ішінен үздік ойыншылар анықталып, арнайы марапатқа ие болды. Жергілікті командадан 7-ші нөмірлі спортшы Нұриля Ақжолова ерекшеленді.

Нұриля Ақжанова – «Қуаныш» ВК ойыншысы:

-Қарсыластарымыз өте мықты. Ойын да қиындау болды. Бірақ, жеңісті қолдан бермедік. Қуаныштымыз, әрине. Жалпы бұл жарыста біз 5 кездесу өткіздік. Оның 3-нде біз жеңімпаз атандық. Алда әлі екі тур бар. Сол кезде бар күшімізді салып, үздік команда атануға тырысамыз. Ол үшін біз алдыңғы ойындарда жіберген қателіктеріміз бойынша жұмыс жасаймыз.

Енді Петропавлда сыналған 6 команданың барлығы да Наурыз айында Астана қаласында 4-ші турда кездеседі. Ал соңғы шешуші жарыс сәуір айында Қостанай қаласында өтеді деп жоспарланған.

 

 

Айгерим Ержанова