Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыста 1 ақпанға дейін сомасы 3 млрд 342 млн теңге болатын 532 нысан жария етілді

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Ел экономикасын жақсарту үшін Елбасы ауқымды жекешелендіру жұмыстарын жүргізу мен бәсекелестікті кеңейтуді тапсырды. Осыған орай үкімет 2015-ші жылдың 31-ші желтоқсанында жекешелендірудің жаңа тізімін бекітті. Тізімге облыс бойынша 23 коммуналдық шаруашылық, оның 19-ы 2015-ші жылы өткізілмеген. Сонымен қатар 4 жаңа кәсіпорын және “Солтүстік” “әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының 12 еншілес тәуелді ұйымы еніп отыр.

Бұдан соң кезек мүлікті жария етуге келіп жетті. Кезінде көршілес Ресейдің ұлттық валютасы құлдыраған шақта отандастарымыз пәтер немесе машина сатып алғандары анық. Енді осы мүліктерін мемлекет қазақстандықтарға заңдастыру мүмкіндігін беріп отыр. Өйтпеген жағдайда жазаға тартылады. Жалпы бұл шара басталғалы Республикада 600 млрд теңге заңдастырылған. Ал облыс бойынша бүгінгі күнге дейін мүлікті заңдастыруға қатысты 782, ал нысандарды жария ету үшін сомасы 4 млрд 615 млн теңге болатын 901 өтініш келіп түскен.

Төлеген Қабдөшев – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы:

-Жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты құжаттарды үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін тапсыру қажет. Ал шараның аяқталуына 5 жұмыс күні қалғанда арнайы декларация мен анықтамалар тапсырылу керек. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша сомасы 31,4 млн теңге болатын шет елдегі 9 мүлік заңдастырылды. Оның біреуі тұрғын-үй.

Баспасөз мәслихатының соңында тілшілер қауымы спикерлерге сұрақтарын жолдай алды.

Ербақыт Амантайұлы – “Қазақ” радиосының меншікті тілшісі:

-Былтыр қанша нысан сатылды және бюджетке қандай кіріс әкелді?

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Өткен жылы 3 кәсіпорын сатылды. Нәтижесінде бюджетке 32 млн теңге кіріс әкелді.

Жалпы мүлікті заңдастыру науқаны елімізде үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Кейін жалпыға бірдей декларациялау басталады. Осы кезде мүлікті жария етпеген қазақстандықтар заң бойынша жазаланатын болады.

 

 

Риат Шони