МТРА жаңалықтары

Темір тордың арғы жағындағылар жұмыспен қамтылуда

-Бұл – Якорь селолық округіне жататын Ольшанка елді мекені. Облыс орталығынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан ауылдың тұрғындары күнделікті өз ісімен емін-еркін айналысуда. Ал жолдың келесі бетінде мүлдем басқа өмір. Бұл жерде ЕС-164/9 мекемесі орналасқан. Онда сот үкімімен бірнеше айдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар өз жазаларын өтеуде.