Білім

Петропавлдық екі мектепте бірнеше пән ағылшын тілінде жүргізіледі

Зарема Әділбек, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

-Қазақ тілін туған тіліміз болғандықтан білуіміз керек. Ал орыс тілі – қарым қатынас тілі, Ағылшын – халықаралық тіл.

Ләззәт Жүсіпова ағылшын және география пәндерінен сабақ береді. Мұғалім балалардың ағылшынша өтетін сабақтарға асқан қызығушылықпен қатысатынын айтады.

Ләззәт Жүсіпова, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі:

-Бізді балалардың оқуға деген қызығушылық мол. Олармен жұмыс жасауда еш қиыншылық туған емес.

Елбасы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жайын атап кетті. Сондықтан, білімді, үш тілді жетік меңгерген сауатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің міндетіміз дейді оқу ошағының директоры Күлжан Төкенова. Мектепте алдағы уақытта да бірқатар жаңашылдықтар орын алмақ.

Күлжан Төкенова, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының директоры:

-Дүние жүзі пәнін орыс және қаза тілі мектептерінде тек орыс тілінде оқытылады. Ал, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады.

Бүгінде Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында 470 бала бар. Оның 107-сі аталған эксперименттік бағытта білім алуда.

 

Акбопе Танирберген