Спорт

Петропавлда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан сайыс өтті

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Бізге осындай кездесулер арқылы әріптестерімізбен жақын танысуға мүмкіндік аламыз. Бір уақыт жүгіріп, секіріп тұрғанның зияны жоқ. Керісінше денсаулық үшін пайдалы. Өз басым осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрған дұрыс деп санаймын.

“Дені сау ұлт – спорттық Қазақстан” акциясы аясында ұйымдастырылған кездесудің бірінші ойын бөлігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері басымдық танытты. Ал, келесі сетте Қалалық әкімдік ұжымының жігіттері намысқа тырысып таразы басын теңестірді. Не дегенмен қалған шешуші сайыста бойлары ұзын ақ түсті жейдегі волейболшылардың жолдары болып, жеңімпаз атанды.

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы:

-Бұл сайыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Әр қазақстандық “Дені сау ұлт – спорттық Қазақстан” акциясына өз үлесін қосса деймін. Осылайша отандастарымызды дене шынықтыруға бір саты болса да жақындатамыз.

Жалпы ақпан айында республикалық акция аясында қалада 20-дан аса спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Култанов Байболат