Балалар

Облыс орталығында 160-тан астам жас “Таңғы жаттығу” флешмоб-акциясына қатысты

Салтанат Мейірбекова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

-Спорпен шыныққан жақсы ғой. Денсаулығың жақсы болып, үнемі көңіл-күйің көтеріңкі болады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған “Таңғы жаттығу” флешмоб-акциясын “Қоғамдық келісім” мекемесі ұйымдастырды. Бұл шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де жастарға ілесіп, таңғы жаттығулар жасады.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Міне, қаншама жас орталық алаңда бас қосып, қоғамдық шараларға белсенді қатысып жатыр. Бұл олардың шынымен белсенді екендіктерін білдіреді. Қазір олар таңғы жаттығуларын жасап, бойларын сергітіп алды. Енді қазір мектеп, колледждеріне барып мұғалімнің сабағын ынтасымен тыңдайды деген сенімдемін. Негізі осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрған дұрыс.

Бұдан соң бойында жігер оты маздаған жастар ортаға шығып, көпшілікке өнерін паш етті. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің суденті Артем Мокринский қатарынан қалыспай технолог мамандық меңгеріп жүр. Сонда да оқудан кейін бос уақыт тауып, сүйікті ісі – спортпен шұғылданғанды жақсы көреді екен.

Артем Мокринский – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің суденті:

 

-Спорттың барлық түрін ұнатамын. Сондықтан, әркез уақыт тауып қыста шаңғы, коньки тебемін. Ал жазда велосипедпен серуендегенді ұнатамын. Қазір аспаздың мамандығын меңгері жүрмін. Менің ойымша, адамның дені сау болу үшін ол жақсы тамақтанып, ұдайы спортпен шұғылданып тұруы қажет.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде 160 мың солтүстікқазақстандық дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысады екен.

Берік Қасен