МТРА жаңалықтары

“Радуга” ЖШС бастауыш партиялық ұйымы құрылды

Петр Шарапаев, “Радуга” ЖШС директоры:

-Елбасы өз сөзінде экономика саласына оның ішінде, кәсіпкерлікке көп көңіл бөлу керектігін айтты. Әсіресе, сырттан әкелінетін тауарлардың орнын басып, керісінше өз өнімдерін экспортқа шығарып жатқан кәсіпорындардың рөлінің басым екенін атап өтті. “Радуга” ЖШС 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстан бойынша 11 филиалымыз бар. Барлығы 1450 адам еңбек етеді. Петропавл мен Бескөлде ғана 650 адам жұмыс істейді. Бүгін құрылған бастауыш партиялық ұйымның құрамына 61 қызметкеріміз еніп отыр.

Бүгін де Петропавлда 36 бастауыш партиялық ұйым бар. Жыл басынан қалалық нұротандықтардың саны 6 мыңға жетті.

Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Қазір партия құрамына шағын бизнес өкілдері кіріп жатыр. олардың бұл әрекеті біз үшін өте маңызды.

«Радуга» бастауыш партия ұйымы билеттерін әлі қолға алған жоқ, әзірге зауыттықтарға “Нұр Отан” партиясының саяси доктринасы таратылды. Басқосу жиылғандардың естелік суретке түсуімен аяқталды.

 

 

Акбопе Танирберген