МТРА жаңалықтары

Петропавлда жыл басынан 28 өрт оқиғасы болған

Көп жағдайда оттың тұтануына тұрғындардың өздері кінәлі болып келеді екен. Олардың бірі электр сымдарын дұрыс тартпаса, енді бірі пешті салу кезінде тиісті нормаларды сақтамайды. Мәселен, бұл қателіктер аудандағы Пугачев көшесінде орналасқан 74-ші баспанада байқалды. Үй иелері мамандардың айтқан ескертулерін жақын арада орындауға келісті.

Ренат Хусаинов – Жұмысшы кентінің тұрғыны:

-Қателіктерді міндетті түрде түзейміз. Өйткені, ол біздің өмірімізге қауіпті. Осындай рейдттердің пайдасы бар. Мамандарға әр үйге кіріп жадынама таратып жүргендіріне рахмет.

Бұл шараға ювеналды полиция қызметкерлері де қатысуда. Олардың басты мақсаты – маскүнемдікке салынған отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Қуандық Қанжігітов- Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

 

-Өрт көп жағдайларда ішімдікке салынған отбасыларда жиі болады. Олар темекі шегіп одан қалған қалдықтарды өшірмей ұйықтап қалады.

Жалпы облыс аумағында жыл басынан 84 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тапса, оның біреуі – бала. Келген материалдық шығын 4 млн теңгені құрайды.

 

Култанов Байболат