МТРА жаңалықтары

Петропавлда лифтілердің қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы мекеме жоқ

Жәнібек Әлкин – Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясының бас маманы:

-1997 жылы Петропавлда 41 лифт қолданыстан шығарылды. Оларды жөндеу қажет немес жаңасына алмастыру керек.

Қазіргі таңда техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің мамандары дабыл қағуда. Айтуларынша, бүгінде жеделсатылардың жарамдылық мерзімі мен адамдардың қауіпсіздігіне басын қатырып жатқан ешкім жоқ. Кеден одағы аясында “Лифтілердің қауіпсіздігі” туралы техникалық регламенттің күшіне енгеніне үш жылдың жүзі болды. Алайда бекітілген ереже өңірімізде жөнді орындалмай келеді.

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті бөлімінің басшысы:

-Қаладағы лифтілердің барлығы кеңес заманынан бері жұмыс істеп тұр. Біразының қолдану мерзімі өтіп кеткен. Осы шаруамен айналысатын мекеме жоқ. Мұнымен жергілікті атқарушы органдар немес СҚО ПИК қауымдастығы айналысуы тиіс. Лифтілердің жағдайын үнемі бақылайтын комиссия құру керек.

Жеделсатылардың қауіпсіздігі шынымен алаңдатарлық жайт. Себебі, Ресейдің бірқатар қалаларында ескі лифтілердің механизмдері істен шығып, бірнеше адам мерт болған.
Бүгінде солтүстікқазақстандықтар жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін, “Тұрғын үй коммунладық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасына белсенді қатысып, барлық олқылықтарды өздері түзетіп жатыр.

Жәнібек Әлкин – Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясының бас маманы:

-Тұрғын үй коммунладық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында 2011 жылдан бері 34 лифті жаңасына ауыстырылып, 5-еуі жөнделді.

Мысал ретінде Мир көшесі, 254-ші үйдің тұрғындарын алуға болады. Баспанада негізінен зейнеткерлер тұрғанымен, несиелік қарыздарын әлдеқашан өтеп тастаған. Валентина Горбунова 22 жыл бойы бір подъездің тұрғындарын басқарып келеді. Әжей адамдардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін ескі жедел сатылдарды дер кезінде жаңасына ауыстыру қажет дейді.

Валентина Горбунова – Мир көшесі, 254-ші үйдің тұрғыны:

 

-Тұрғын үй коммунладық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында екі жыл бұрын үш подъездге су жаңа белорусь елінде жасалған лифтілерді орнатқан болатынбыз. Қазір олар жақсы жұмыс істеп тұр. Біз қарызды сегіз жылға бөліп төлейміз.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті мамандарының айтуынша кеңес кезінен қалған, механизімі ауыстырылмаған лифтілер 2020 жылға қарай қолданыстан шығарылады, яғни оны адамдардың пайдалануына тиым салынады.

Берік Қасен