МТРА жаңалықтары

Өңір кәсіпкерлері халық қалаулыларын сайлауға бір кісідей қатыспақ

Галина Семёнова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Мен жаңадан тағайындалатын депутаттар тың идеялармен келеді деп ойлаймын. Олар осы күні өзекті деген проблемаларды және оларды шешу жолдарын білуі тиіс. Сондықтан, көңілімнен шыққан адамға дауысымды беремін. Және бәрін де сайлауға ат салысуға шақырамын.

Роза Шакирова – қаламыздағы «Дария» базарының директоры. Іскер азаматша өз ісін осыдан жиырма жыл бұрын ашыпты. Оның айтуынша ол кездегі жағдай қазіргіге қарағанда қиын болған. Базарда жұмыс орны аз, тауардың тапшылығы сезіліпті. Сол себепті, ел келешегі үшін маңызды саяси науқаннан шет қалмау керек дейді.

Роза Шакирова, «Рынок Дария» ЖШС директоры:

-Бүгінгі күні біздің базарда халық тұтынатын тауарлардың барлығы бар. Үнемі тұтынушының талғамы үшін жұмыс істейміз. Алдағы келе жатқан сайлауға қатысып өз дауысымды беремін. Және қол астымда еңбек ететін жұмысшыларыма да депутаттарды таңдауға қатысу қажеттігін еске саламын.

 

Сондай-ақ, форумда бизнесмендерді қолдау жөнінде сөз қозғалды. Бүгінде өңірде 34 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері бар.

Култанов Байболат