МТРА жаңалықтары

Шал ақын ауданының әкімі қорытынды есеп беру кездесуін өткізді

Жұмабай Жылқайдаров- Сергеевка қаласының тұрғыны, Шал ақын ауданы:

-Жол мәселесі жаздыгүні шешілуі тиіс. Жөндеу керек. Қай жолды болмасын дұрыстау қажет. Ал қыста оларды қардан тазалап тұрса жақсы.

Ал мынау аудандық мәдениет үйі. Нақ осында Ербол Сағдиевтің есептік кездесуі өтеді. Залда ине шаншар жер жоқ. Міне кездесу басталып та кетті. Шал ақындықтар мал шаруашылығы бойынша өткен жылы жоспарды орындай алмаған. Ербол Сағдиев 2016 жылы бұл олқылықтың орнын толтырмақ.

Ербол Сағдиев- Шал ақын ауданының әкімі:

-Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша өткен жылы 1124 бас мал алынды. Оның 159-ы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша. Жоспарға сай біз 220 бас мал алу керек едік. Жоспар орындалмады. Бірақ біз 2016 жылы тек қана «Сыбаға » бағдарламасы бойныша 300 бас ірі қара ал «Құлан» жобасы бойынша 110 жылқы, «Алтын асық» аясынды 340 қой аламыз.

Ербол Сағдиев 2016 жылы жолдарды қалыпқа келтіруге басымдық береміз деп отыр.

Ербол Сағдиев- Шал ақын ауданының әкімі:

-2016 жылы аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге 60 млн теңге бөлінді, соның 25 млн-ы Сергеевка қаласына, қалғаны ауылдық округтерге жұмсалмақ. Бірақ біз мұнымен тоқталып қалмаймыз. Жуық арада бюджетті оңтайландырып, көбірек қаржыны осы проблеманы шешуге бағыттамақпыз.

Проблеманың мұндай шешім табуы халықтың көңілінен шықты. Бірақ жиынға қатысқан облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет Ербол Сағдиевке бірқатар салалар бойынша жасалып жатқан жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.

Мадияр Қожахмет- СҚО әкімі аппаратының басшысы:

-Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ақсап тұр. Сондықтан шаруалар бұл жайлы ойлануы тиіс. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау шараларын күшейту қажет. Өткен жылы ауданда кәсіпкерлік субъектілерінің саны қысқарды. Бұған да назар аударған жөн.

Әдетте аудан әкімін жерден алып жерге салатын, Сергеевка қаласының тұрғындарынан осы жолы сауалдар да болмады.

Бейнегүл Тасмағанбетова- Шал ақын ауданының тұрғыны:

-Қазіргі уақытта проблемалар болса да олар уақытылы шешіледі.

Нағашыбай Әлмішев- Сергеевка қаласының тұрығны:

-Бүгінгі күндері шешілмей жатқан проблемалар бар. Осы әкім келгелі жолдар жөнделіп, жарықтандыру мәселесі қолға алынды. 2016 жылғы қойылған мақсаттар да жасалады. Ауданның мүмкіндіктері бар.

Қарлығаш Шәріпова- Сергеевка қаласының тұрығны:

-Аудан әкімге келгелі шыныменде жақсы жұмыстар жасалып жатыр. Тұрғындар барлығы риза.

Бұдан бөлек, тұрғындар Сергеевканың қала кейіпіне енгендігін айтады.

Мағжан Ахмадина- тілші:

-Бұл бір кездері дүркіреп тұрған Сергеевка қаласы. Соңғы жылдары шаһарға көңіл бөлінбегендіктен жетім баланың күйін кешкен еді. Ал ауданға жаңа әкімінің келуімен мұнда бірқатар оң өзгерістер орын алған. Ербол Сағдиев әсіресе, аббаттандыру шараларына үлкен мән берген.

Биылғы жылы Сергеевка қаласында 4 су бұрқақ орнатылып, бірнеше көше жарықтандырылыпты.

 

 

Магжан Ахмадина