МТРА жаңалықтары

Депутаттыққа үміткерлердің саны жағынан өңіріміз ел бойынша көш бастады

Асқар Сақыпкереев – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Бүгінгі күні 332 адам өз кандидатурасын ұсынып отыр. Оның ішінде 19-ы облыстық, 15-і қалалық және 298-і аудандық мәслихатқа үміткерлердің тізімінде.

Қазіргі таңда депутаттыққа үміткерлер тізімінің 30 пайызын нәзік жандылар құрайды, ал жалпы барлық кандидаттардың 90 пайызының жоғары білімі бар. Саяси додаға қатысатындарға мемлекеттік бюджеттен үгіт-насихат жүргізуге қыруар қаржы бөлінуде. Облыстың мәслихат депутаттығына үміткерлердің әрқайсысына бұл жұмыстарға деп 245 мың, ал аудандықтарға 153 мың теңге ақша қарастырылған.

Асқар Сақыпкереев – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Облыста 929 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 15-і аумақтық, 31-і облыстық округтік, 19-ы қалалық округтік, 167-сі аудандық округтік сайлау комиссиясы.

Қазіргі таңда облыста халықты ел болашағы үшін саяси маңызды науқанға қатысуға шақыру үшін 42 билборд орнатылыпты. Соңғы рет, яғни 2012-ші жылы халық қалаулыларын сайлауға өңір тұрғындарының 80,7 пайызы қатысқан екен. Осы жолғы саяси маңызды науқаннан теріскейліктер шет қалмаймыз дейді.

Жалпы депутаттыққа үміткерлердің нақты тізімі сайлауға дейін 20 күн бұрын шығады.

 

 

Риат Шони