Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл “Береке” ықшам ауданында 6 көпқабатты баспана қолданысқа берілмек

Ал мен мұндалап тұрған мына 75 пәтерлі үйдің құрылысы жақында аяқталады. Дәл қазір ішінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баспана кілттері иелеріне наурыз айында табысталмақ.

Андрей Радченко – «Лира» ЖШС директоры:

-Осы аптада 3 жылу желісін әкеліп, орнатамыз. Камераларды құрып қойдық. Келер аптада бәрін іске қосамыз. Жұмыс күші жеткілікті. Бәрін уақытылы тапсыруға тырысамыз.

Айту керек, биыл Береке ықшам ауданында 78, 55, 75 және 90 пәтерлі 6 бірдей тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл ауданда 450-ден астам отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.
Сондай-ақ, аталмыш ауданның тұрғындары үшін мұнда дүкендер мен сауда орталықтары да салынуда. Оның ішінде супермаркеттер, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары мен фитнес зал және монша болмақ.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Жақында Астана қаласында өткен брифингте маған «Береке» ықшам ауданында сауда орталықтары аз деген сауал қойылды. Енді міне, бұл мәселе шешіліп жатыр. Шілденің бірі күні бір дүкен қолданысқа беріледі. Ал екіншісі, «Северный» сауда орталығын биылғы жылдың желтоқсанында тапсырсын деп отырмыз. Жалпы бұл ауданда 5 бірдей дүкен ашылады. Оңай жұмыс емес әрине. Мұның бәрі халыққа керек нысандар.

Наурыз айында бұл ауданда су жаңа жиһаз сауда нүктесі де ашылмақ. Бірақ, әзірге 150 шаршы метрде жайғасқан дүкенде ұсақ-түйек ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда таза ағаштан өңделіп жасалған тұрмыстық тауар саудаланбақ екен.

Елена Левина – «Левин» ЖК бас директоры:

-Бұл ауданда жиһаз дүкенінің тапшы екендігі сезіледі. Тұрғындар бізге күнде келіп, тезірек ашуымызды өтінуде. Бұл бізді қуантады, әрине. Дәл қазір жұмысшылар нысанның ішін әрлеп жатыр. Барлығын ағаштан жасаймыз деп отырмыз. Сонымен қатар, жұмысқа осы маңда тұратын адамдарды аламыз. Бізге де, оларға да ыңғайлы.

Айта кеткен жөн, бүгінде Береке ықшам ауданында 5 бірдей сауда нүктесінің құрылысы қарқынды жүруде. Оның 3-уін жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

 

 

Айгерим Ержанова