Мәдениет

Жазушы Герольд Бельгердің өмірден озғанына 1 жыл толды

1941 жылы қазақ жеріне қоныс аударған шаңырақта өскен жазушы қазақ ауылында ер жетіп, қазақтың шұрайлы тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген. «Қазақтың Герағасы» атанған қаламгердің құрметіне ашылған “Қазақстанның нағыз патриоты” атты көрмеде жазушының 60-қа жуық шығармасы жайғастырылған.

Майра Әшімова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім басшысы:

-Жалпы Герольд Бельгер аудармашы ретінде ең бірінші Әбдіжамал Нұрпейісовтың “Қан мен тер” трилогиясын аударды. Кейін Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсеріпов сынды әдебиет майталмандарының шығармаларын өзге тілгерге басып шығарды.

Көрнекті қаламгер осыдан тура бір жыл бұрын, 7-ші ақпанда дүниеден озды. Әдебиет майталанын еске алуға теріскей жеріне Алматы қаласынан жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетов пен ҚР немістер қауымдастығының төрағасы Александр Дедерер келіпті. Герольд Бельгермен жеке таныс болған Тынымбай Нұрмағамбетов қаламгердің шығармашылығын жоғары бағалаймын дейді.

Тынымбай Нұрмағамбетов – жазушы-драматург, Алматы қаласы:

-Мен Герольд Бельгермен баяғыдан таныс болдым. Ол менің “Сушы” деген әңгімемді, “Шал, мая және жел” дейтін повесімді аударды.

Жалпы жазушы Герольд Бельгерді бүгінде солтүстікқазақстандықтар құрмет тұтуда. Ақпанның үші күні аудармашы, публицисті еске алуға арналып, Сергеев қаласында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек. Себебі қаламгердің балалық шағы осы Шал ақын ауданында өткен екен.

 

 

 

Риат Шони