Ауыл шаруашылығы

СҚО-да үш бірдей серіктестік далалық қызыл сиыр тұқымын өсіруді қолға алды

Қанат Сыздықов – “НұрСен Агро” ЖШС директоры, М.Жұмабаев ауданы:

-Далалық қызыл тұқымды сиырларды Алтай өлкесіндегі асыл тұқымды зауыттардан сатып алдық. Ірі қаралар солтүстіктің сұрапыл қысына төзімді келеді. Қораның іші аздап сыз тартса да денсаулықтарына ешқандай зиян келмейді. Биыл ауылшаруашылығы техникасы мен керек-жарақ қондырғылар сатып алмақшымыз. Оған да мемлекеттен жеңілдік қарастырылған. Яғни, техника мен қондырғыларға кеткен шығыс қаражаттың 50 пайызын мемлекет қайтарады.

Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп отырған серіктестік былтыр күзде жаңа жұмыс орындарын құрып, ОҚО-нан өңірімізге біржола қоныс аударған алты адамды еңбекпен қамтыды. Түстіктен келгендердің бірі -Сәкен Нишонбаев. Бүгінде оның ата-анасы, қарындасы мен күйеу баласы осында еңбектенеді. Әрқайсының орташа айлық жалақысы 70 мың теңгені құрайды.

Сәкен Нишонбаев – “НұрСен Агро” ЖШС қызметкері, М.Жұмабаев ауданы:

-Жергілікті әкімдік барлық жағдайымызды жасап берді. Үйіміз жылы, эуроремонт жасалған. Бізге бір камаз отын, бір камаз көмір әкліп берді. Әрқайсысымызға жұмыс берді.

Сәкен Нишонбаев қазір оңтүстікте бос жүрген адамдар көп. Сондықтан, олар жұмыс күшіне сұраныс көп аймақтарға көшуі қажет деген пікірде.

Сәкен Нишонбаев – “НұрСен Агро” ЖШС қызметкері, М.Жұмабаев ауданы:

-СҚО-на келемін деушілер бар. Бізге жиі қоңырау шалып, осындағы жасалып жатқан жағдайды сұрайды.

Бүгінде М.Жұмабаев ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал басын асылдандырудың тиімді екеніне әбден көз жеткізген. Сондықтан, былтыр осы ауданан “Сыбаға”, “Алтын асық”, “Құлан” жобаларына қатысушылардың саны әдеттегіден екі есеге көп болған. Мысалы, 2013 жылы мемлекеттік бағдарламаға 27 адам жүгінсе, өткен жылы олардың қатары 45-ке артқан.

Алибай Құсаинов – М.Жұмабаев аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

 

-“Таманское” ЖШС 110 бас қазақтың ақ бас тұқымы және “АКСА Север” серіктестіктерінде 150 бас симентал тұқымын өсіру бойынша асыл тұқымды репродуктор құрлыды. “Возвышенсоке” ШҚ-да 500 басқа арналған жемдеу алаңы құрылды.

Былтыр М.Жұмабаев ауданы жоспарды ойдағыдай орындады. 82 бас жылқы, 295 бас ұсақ мал, 503 бас сиыр сатып алынды. Биылғы жоспар бойынша ауданда үш бірдей сүт-тауарлы ферма құрылып, екі мыңға жуық мал әкелу көзделген.

Берік Қасен