Денсаулық сақтау

Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есіктер күні өтті

Ольга Краснопевцева – облыстық окологиялық диспансердің онко-гинеколог дәрігері:

-Онкологиялық диспансердің мамандары аудан және қала тұрғындарын қабылдайды. Бастысы келген адамның жеке куәлігі болуы қажет. Дәл осы күні мұндағы дәрігерлердің жұмыс күні бір сағатқа ұзартылады. Бұл күндері әр кабинетте орташа есеппен 70-ке жуық адам қаралады деп жоспарланған.

Ал мынау – УЗИ кабинеті. Бүгін мұнда екі сағат ішінде 10-ға жуық адам келіп, ультра-дыбыстық зерттеуден өтті. Ал жылына бұл жерде шамамен 13 мыңнан астам қабылданады екен.

Надежда Гордеева – облыстық окологиялық диспансердің УЗИ дәрігері:

-Біздің кабинетке келетіндердің саны көп. Олардың барлығын тексерістен өткіземіз. Ақыл-кеңесімізді береміз. Жалпы былтыр 28 мыңнан астам адамның ағзасында қатерлі ісік ауруының бар-жоқтығы анықталды. Негізі адамдар бізге келуден қорықпаса екен дейміз.

Айта кеткен жөн, келесі ашық есіктер күні онкологиялық диспансерде ақпан айының 9-ы өтпек.

 

 

 

Айгерим Ержанова