МТРА жаңалықтары

«Пицца хаус» дәмханасының шатырынан тағы да түтін шықты

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Түтіннің шығуына басты себеп ол – ғимарат иелерінің қауіпсіздің шараларын күшейтпеуі. Біздің мамандар оқиға орнына жеткенде ешбір дәмхана қызметкері болмады. Егер де тұрғындар хабарламағанда өрт орын алар еді. Былтырғы жылдың бірінші айымен салыстырған биыл тілсіз жаудың тұтану фактілері біршама артып отыр. Олардың көбісі жеке тұрғын үй секторларында кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың маусым айының соңында дәл осы ғимаратта ірі өрт оқиғасы тіркелген болатын. Онда дәмхананың шатыры мен қабырғасы және іштегі жиһаздары жанып кеткен еді. Оған қоса өрт қатты соққан желдің кесірінен көршілес бес қабатты үйдің төбесін де жалмап, 100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Ал кеше кешкісін түтінді байқаған халық бірден қауіпсіздік шараларын ойлап дабыл қағыпты.

Валентина Пролубникова – қала тұрғыны:

-Алғашында даладан мұрнымызға түтін исі келді. Сыртқа қарап едік дәмхана шатырынан түтін шығып жатқанын байқадық. Сосын бірден жаздағы өрт қайталанбасын деп мамандарға хабарластық.

Жалпы жыл басынан өңірімізде 84 өрт оқиғасы орын алған. Тілсіз жаудан 5 жерлесіміз қаза тапты.

 

 

Култанов Байболат