МТРА жаңалықтары

Экологтар 2015 жылды қорытындылады

Әлібек Бекмұхаметов, СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:

-Қоқыстар жөнінде 2014-2030 жылдарға арналған арнайы жоспар бар. Талапқа сай емес өзге қоқыстардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір 4 ауылдың әкімшіліктерімен бірге ауылдық қоқыс полигондарына сараптама жүргізілді. Олардың үшеуі Жамбыл ауданында болса біреуі Есіл ауданында орналасқан.

Табиғат пайдаланушылар өз міндеттерін қажет деңгейде орындамайды. Көбінесе, рұқсат қағаздарын алу, есеп тапсыру және экологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын кешіктіріп жатады дейді мамандар. Экологтар өткен жылы 139 тексеріс жүргізіп, 164 заң бұзу фактісін анықтады. Сөйтіп, талапты орындамаған тұлғаларға 16 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Былтырғы жылы кәсіпорындардың табиғатқа келтірген залалы да аз емес.

Әлібек Бекмұхаметов, СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:

-Одан басқа бізде ауаға зиян келтірген, ластаған мекемелерге түскен наразылықтар бойынша да айыппұлдар тағайындалды. Олардың табиғатқа келтірген залалы 17 млн 500 мың теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта әкімшілік айыптардың 99 пайызы төленді.

Былтыр Солтүстік Қазақстан бойынша экология департаментінің зерханасында табиғи су көзіне 33 тексеру, топыраққа 16 рет, ал, ауаға 24 қайтара зерттеу жүргізілген. Дәл қазір бізге сынақ зертханасының бас маманы Елена Щеголева қарапайым судың сапасын тексеру барысын көрсетуде.

Елена Щеголева,СҚО бойынша экология департаменті сынақ зертханасының бас маманы:

-Мен қазір табиғи судың сынамасын алмақпын. Судың калций иондарының мөлшерін анықтап, сапасын тексереміз. Ол үшін суға арнайы химиялық элементтерді қосамын. 03:20 Қазір судың түсі ауысуы керек. Көріп тұрғандарыңыздай су көгілдір түске айналды. Бұл дегеніміз сұйықтықтың бір қалыпты, таза екенін көрсетіп тұр.

Сондай-ақ былтыр жер қойнауы ресурсын заңсыз пайдаланудың 12 фактісі тіркелді.

 

 

Акбопе Танирберген