Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аудандық сайлау комиссиялары маңызды науқанға қызу дайындалып жатыр

Елена Хомуленко – Аққайың аудандық сайлау комиссиясының хатшысы:

-Ауданымызда маңызды науқанға дайындық шаралары қызу жүріп жатыр. Қазір жұмысты жүйелі жүргізу үшін облыстық сайлау комиссиясымен үнемі хабарласып тұрамыз. Аудандық сайлау комиссиясының құрамы білікті, тәжірибелі адамдардан жасақталды. Мына жерге мөр, құпия құжаттарды сақтауға арналған арнайы сейф қойылды. Қабырғада жарлық пен сайлауды өткізу тәртібі ілінген.

Әзірге ауданда 22 адам аудан мәслихатының депутаты атануға үмітті. Олардың арнаулы және жоғары білімі бар. Қазір үміткерлердің өтініші қарастырылу үстінде.

Ольга Плищенко – Аққайың аудандық сайлау комиссиясының төрайымы:

-Ауданда 31 учаскелік және 14 округтік сайлау комиссиялары құрылды. Қазір кандидаттардын өтініштер қабылдануда. Осы күні аудандық мәслихат депутаттығына 22 адам өзін кандидат ретінде ұсынып отыр. Оның 8-і – әйел. Үміткерлердің көпшілігі – әлеуметтік саланың мамандары, бизнесмендер мен агроқұрылым басшылары.

Осы күні Аққайың ауданында округ әкімдері, фискалды орган қызметкерлері, сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары үшін оқыту семинар-кеңесі ұйымдастырылды. Жиын барысында тыңдаушыларға маңызды науқанды өткізу және кандидаттарды іріктеу тәртібі жайында айтылды.

Лариса Гордеева – облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

 

-Биыл сайлау науқаны үш деңгей бойынша өтеді. Сондықтан, бар ауыртпалық округтік сайлау комиссиясына түсейін деп тұр. Кандидаттардың өтініштерін қабылдау ақпанның 8-іне дейін жалғасады. Үміткер ҚР азаматы болуы тиіс. Және оның жасы 20 жастан кіші болмауы керек. Қылмыс пен жемқорлық фактілеріне де қатысы болмауы тиіс. Мұның барлығын құзырлы органдар анықтап береді.

Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары үстіміздегі айдың 24-інен басталып наурыздың 18-іне дейін жалғаспақ. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Лариса Гордееваның айтуынша, аталмыш шараға мемлекеттік және әскери қызметшілер араласпауға тиісті.
Жалпы биыл облыс аумағында шамаммен 300 сайлау учаскесі жұмыс істемек.

Берик Касен