Әр түрлі

Ақпан айы құбылмалы болады

Дегенмен, синоптиктердің айтуынша ауа температурасының көтерілуі байқалады. Мәселен, бірінші онкүндікте сынап бағанасы күндіз минус 2 мен 7 аралығында ауыспақ.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” РМҚ СҚОФ инженер-синоптигі:

-Ақпан айында екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -19 -24 градус болса, күндіз -11 -16 аязға дейін суытады. Ал онкүндіктің соңында түнде -30 -35, күндіз -15 -20 шамасында болмақ.

Ал, ақпанның үшінші онкүндігінде ауар райы құбылмалы болады деп күтілуде.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” РМҚ СҚОФ инженер-синоптигі:

-Ауа температурасы түнде -20 -25 градусқа дейін төмендесе, күндіз -10 -15 аязға дейін жоғарылауы ықтимал.

Қыс мезгілінің осындай қаһарлы мінез танытуын синоптиктер сібір антициклонының әсер етуімен түсіндіруде.
Егер тарихқа үңілетін болсақ ақпандағы ең суық күн өткен ғасырдың 51-ші жылы тіркелген екен. Бұл кезде сынап бағанасы минус 42 градусты көрсеткен. Ал ең жылы күн 1962 жылы орын алып, ауа температурасы +3 болған.
Не дегенмен қақаған аяз солтүстікқазақстандықтар үшін таңсық емес. Оларға қыс мезгілі осынысымен ұнайды.

– Қыс мезгілінің, әрине, өз тамашасы бар. Таза ауада өзіңді сергек сезінесің. Аппақ қар, аяз, жақсы көңіл күй сыйлайды.

– Күн суық, аяздың болуы солтүстікқазақстандықтар үшін үйреншікті жағдай.

 

Сагыныш Маркашева