Спорт

Тай боксынан ҚР чемпионатында 6 солтүстікқазақстандық жеңімпаз атанды

Еңбек пен қызу дайындықтың арқасында ол биыл да жеңімпаз атанды. Шаршы алаңға 5 рет шығып, қарсыластарының бәрін бірдей тізе бүктірді. Бірақ, оларды жеңу оңайға соққан жоқ дейді жас спортшы.

Шамиль Ермағамбетов – №9 орта мектептің 6-сынып оқушысы:

-Мен ҚР чемпионатына екінші рет қатысып, мықтылардың қатарына ендім. Ол үшін әрине біраз тер төгуге тура келді. Бапкерлерімнің кеңесіне құлақ түріп, біраз техникаларды меңгеріп алдым. Нәтижесінде жеңімпаз атандым. Ендігі мақсат – әлем чемпионатына бару.

Биылғы Чемпионат қаңтардың 20-сы мен 25-і аралығында Алматы қаласында өтті. Онда еліміздің 12 қаласынан 270-тен астам спортшы жиналып, шаршы алаңда сыналды. Өңір намысын 11 боксшы қорғады. Оның 6-уы жеңімпаз атанды.

Иван Ван-Хон-Тун – тай бокстан облыстың аға бапкері:

-Біздің спортшылар жарады. Тіпті, республикалық тай боксы федерациясының президентінен мақтау естіді. Бұл жолы біз бір бірінші, 3 екінші және 2 үшінші орын алдық. Сондай-ақ, үш спортшымызға «ең мықты техникасы» үшін сыйлықтар табыс етілді. Бастысы 1-ші және 2-ші орын алған үш спортшымыз Швецияда мамыр айында өтетін әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Нақты шешім наурыз айнда шығады.

Жалпы бүгінде Петропавлда тай боксымен 200-ден астам спортшы айналысады.

 

 

Айгерим Ержанова