МТРА жаңалықтары

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Еңбек кодексінің жаңашылдықтарын түсіндіруде

Қайрат Пшенбаев – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

-Жаңа кодексте екі жаққа да, яғни жұмыс беруші мен қызметкерге үлкен жеңілдіктер жасалған. Басым бөлігінде мекем басшылығының құқығын арттырған.

Құжаттағы жаңашылдықтар еңбек кодексін түбегейлі өзгертпеген. Тек арнайы бөлімдерге толықтырулар енгізілген екен. Енді жаңа заң бойынша жұмыс беруші қызметкерді қабылдамас бұрын одан жемқорлық фактілеріне қатысы бар-жоқтығын дәлелдейтін анықтама сұратуға құқылы.

Татьяна Кудрявцева – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

-Жаңа еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші енді қабылданып жатқан кез-келген қызметкерді сынақ мерзіміне қалдыруға құқылы. Бұрын бұл бөлімде арнайы топтарды қалдыруға болатын. Жалпы басшылық қызметіне тағайындалып жатқан адамның сынақ мерзімін 6 айға дейін ұзарта алады. Сонымен қатар мекеме жетекшісі сынақ мерзіміне қабылданған адамды мерзімінен бұрын босата алады.

Бүгінгі жиынға жергілікті “Левин” жеке кәсіпкерлігінің директоры Владимир Левинда келіпті. Жиһаз жасаумен айналысатын кәсіпорында 85 адам еңбек етеді. Айтуынша, кодекске енгізілген жаңашылдықтар жұмыс берушіге өте тиімді.

Владимир Левин – “Левин” ЖК директоры:

-Мен еңбек кодексінің жаңашылдықтары жайында бұқаралық ақпарат құралдарынан естідім. Бүгін міне арнайы мамандар түсіндіру шараларын жүргізді. Жалпы жаңашылдықта жұмыс берушінің құқығы артқан. Бұрын бір мекеме басшысы тек 20 шараны ғана қолдана алса, енді оған тағы 5-уін қосып отыр. Бұл әрине өте тиімді.

Енді заңға енгізілген жаңашылдықтар бойынша, жұмыс беруші зейнетке шығуына 2 жыл қалған адамды қызметінен босата алмайды. Зейнет жасына жеткен азаматтар еңбек келісім-шартын жыл сайын ұзарту арқылы бұрынғы кәсіпорнында қалып қызмет етуге құқылы.

 

 

 

Риат Шони