Спорт

Петропавлда облыс әкімінің кубогы үшін шайбалы хоккейден турнир жалғасуда

Борис Скатов – жарыс төрешісі:

-Бұл жарысқа 8 команда қатысуда. Олар екі топқа бөлінген. Бірінші айналымда олар бір-бірімен ойнап топтың жеңімпазын анықтайды. Кейін плей-оффта өзге қарсыластармен кездеседі. Қазір екі тур қорытындысы бойынша Қызылжар, Аққайың аудандары мен, Петропавл қаласының командалары көш басында тұр.

Көп ұзамай айдындағы текетірес басталды. Жарыс фавориті ақ жейде киген қызылжарлық хоккейшілер “ә” дегеннен шаубылға көшті. Керек десеңіз ойынның бесінші минутында есілдіктердің қақпасына шайба салды. Дегенмен қарсыластар бұған тез жауап қайтара алды. Тартысты ойын одан әрі қыза түсті. Қарсылас шыдатпаған қызылжарлықтар өздерінің көшбасшы екендіктерін дәлелдеуде. Осылайша үш периодтың қорытындысы бойынша есілдіктерді 6-4 есебімен тізе бүктірді.

Андрей Комолкин – Қызылжар ауданы құрамасының қақпашысы:

-Бұл жарыста айтарлықтай қарсылық көрсететін ол Петропавл қаласы, Аққайың аудандарының командалары. Дегенменде өзгелерінде жоғары бағалай білу керек. Міне жаңа ғана есілдіктермен кездестік. Жас ойыншылардан жасақталған. Денелері ірі болмаса да шымыр, әрі жылдам. Қақпамызға төрт бірдей шайба салып жіберді.

Жалпы дәстүрлі турнир наурыз айына дейін жалғасатын болады.

 

 

Риат Шони