МТРА жаңалықтары

Биыл Уәлиханов ауданында жол жөндеуге 100 млн теңге бөлінбек

Ләззат Нұралина – “Томирис” ЖК директоры, Уәлиханов ауданы:

-Мен былтыр “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы несие рәсімдеп, өзімнің кондитерлік өнім шығаратын аспазханамды аштым. Бизнесімнің ауқымын арттыруға болатын мүмкіндіктерді білу мақсатында келдім.

Аудан әкімінің есептік кездесуі басталмас бұрын ең алдымен
мәдениет үйіне жиналғандар файедегі Аққұдық негізгі мектебі оқушыларының қол өнер жұмыстарын тамашалады. Есептік жиында аудан әкімі Аман Төрегелдин өткен жылы тұрғындардан 89 сұрақ түсті дейді. Оның 58-і шешімін тауыпты. 30 бақылауға алынған.

Аман Төрегелдин – Уәлиханов ауданының әкімі:

-Бақылауға алынған 1 сұрақ: ол “Кішккенекөл ауылында спорт кешенінің құрылысына жәрдем көрсету”.Құрылыс жұмыстарына 196 миллион теңге қаражат қажет. Ақша бөлінген жағдайда жаңа спорт нысанының құрылысы басталады.

Аман Төрегелдин ауданда кәсіпкерлік жақсы дамып жатыр дейді. Былтыр ауданда шағын және орта бизнес саласында 789 объект тіркелген. Жыл басынан Кішкенекөлде 19 жаңа сауда нысаны ашылған. Бұл 2014 жылғымен салыстырғанда 5-еуге артық. Сондай-ақ, кездесуде күрмеуін таппай келе жатқан жолдардың жөнделуі де сөз болды.

-Кішкенекөлдіктерді талай жылдардан бері жолдың нашарлығы алаңдатқан болатын. Қазір бұл түйткілді мәселе жыл артқан сайын өз жауабын тауып шешіліп келеді. Былтыр аудан орталығындағы 4 негізгі жолдарға жөндеу жүргізілген. Осы жылы да жұмыстар жалғаспақ.

Аудан жолдарының жалпы қашықтығы 704 км, соның ішіндегі: 74 шақырымы – республикалық ал, 223-і облыстық маңыздағы болып келеді.

Аман Төрегелдин – Уәлиханов ауданының әкімі:

-Өткен жылы облыстық маңыздағы КТ-83 Кішкенекөл-Тобухин – Мортық – Озерное – Қаретерек бағытындағы автокөлік жолдарынын шұңқырларын жабуға 227 миллиот теңге бөлінді.

Айта кеткен жөн, кездесуде айтылған тағы да бір мәселе құрылыс саласына қатысты болды. Былтыр ауданда аумағы 2147 шаршы метр болатын 20 пәтерлік баспана пайдалануға берілген. Әкім баяндамасынан соң залға жиналған тұрғындар әкімге сұрақтарын жолдады.

Сұрақ:

-Менің үйімнің келесі жағында босап қалған ғимарат тұр. Оның төбесі қирауға шақ қалды. Ол құлаған жағдай менің пәтерімнің де төбесі ортаға түседі. Осы мәселені шешейін десем жергілікті атқамінерлер үй иесінсіз біз ешнәрсе істей алмаймыз деп ақталады.

Жауап:

-Біз бұл мәселені өз қарамағымызда аламыз. Жақын арада бір шешімін тауып сізге хабарласамыз.

Ал, келесі сұрақ жақында үшемді болған жергілікті тұрғыннан хат арқылы келіп түсті. Ол өз балаларының әлсіз болып туылғандықтарына қарамай ауруханалар тиісті көмекті көрсетпейтіндігін жазған. Бұған әкім міндетті түрде қол үшін береміз деді. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Владмир Бубенко залға жиналғандарға аудандағы жолдарды жөндеуге 100 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінетіндігін жеткізді.

 

 

Култанов Байболат