МТРА жаңалықтары

Өңірдегі түрмелерде 2 мыңға жуық сотталған өз жазаларын өтеуде

Рустам Ахметжанов – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:

-Департамент құрамына 17 қылмыстық-атқару инспекциясының бөлімдері кіреді. Былтырғы жылдан бастап ол пробация қызметі болып өзгертілді. Мұнда бас бостандығынан айырылғандар емес, керісінше басқа жазаға кесілгендер жіберіледі. Олармен түрлі тәрбие сабақтары жүргізіліп, әлеуметтік жолмен түзетіледі. Нәтижесінде қылымысты қайта жасау 40 пайызға төмендеді.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрамына 6 түзету мекемесі кіреді. Соның бірі ЕС-164/9. Өткен жылдың маусымында қайта даярлаудан өткеннен кейін, қауіпсіздігі төмен мекеме болып өзгертілген екен.

Жангелді Хасенов – ЕС-164/9 мекемесінің бастығы:

-Қазір мекемемізде жазасы жеңілдетілген заңбұзушылар отыр. Олар жолда жүру ережесін бұзғандар, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар. Жалпы саны 70-ке жуық. Сонымен қатар біздің мекеменің негізгі міндеті ол сотталғандарды жұмыспен қамту. Ол үшін қалада екі және Якорь селосында тағы сонша нысанымыз бар. Аяғын шалыс басқандардың барлығы жұмыс істейді. Тек екеуін ғана дәрігерлер еңбекке жарамсыз деп таныған.

Айта кету қажет, сотталғандардың туберкулез ауруына шалдығуы да біршама төмендепті. Егер 2014 жылы науқастардың саны 60-қа жетсе, 2015-те олардың 40-тан асқан екен.

 

 

 

Риат Шони