Білім

Облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары белгілі болды

Мадина Файзолла – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы:

-Орыс тілі мен үшәін оңай пәндердің бірі. Дегенмен бағынды осы пәннен сынауды жөн көрдім. Ал ҰБТ 5-ші пәнім Қазақ әдебиеті. Болашақта ұстаз атанып, өскелең ұрпақты ұлылардың кереметтей шығармаларымен тәрбиелегім келеді.

Ал Аяжан Жусупова болса, олимпиадаға жыл сайын тек биология пәнінен қатысады екен. Өйткені ол болашақта әжесі сияқты дәрігер болуды армандайды

Аяжан Жусупова – дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы:

-Биылғы олимпиада сәл қиындау болды. Әсіресе, екінші кезеңі. Мұнда тіпті физика мен математикаға қарағанда қиын есептер болды. Дайындығым жақсы болғандықтан, 1-ші орынды жеңіп алдым. Енді республикалық кезеңге қызу ждайындық жүруде.

Жалпы биыл 14 пәннен өткен олимпиадаға облысымыздың 475 мектеп оқушысы қатысып, оның 210-ы жеңімпаз атанған.

Владимир Ткаченко – СҚО бiлiм беру басқармасы басшысының орынбасары:

-Бұл олимпиада жыл сайын өтеді. Жетістіктер де жақсы. Республикалық деңгейде солтүстікқазақстандық оқушылар жоғары көрсеткішке ие болады. Мәселен былтыр біздің өңіріміз ел дәрежесінде жалпы командалық есепте 3-ші орынды иеленді. Биыл да жүлдегер болатынымызға сенімдімін.

Облыстық кезеңде 1-ші және 2-ші орын алған оқушылар науырз айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

 

Айгерим Ержанова