Спорт

Әуе апатынан ажал құшқан кеден қызметiнiң полковнигi Қ.Малғаждаровты жақындары еске алды

Бақытжан Сәмиева, Қайсар Малғаждаровтың әпкесі:

-Ұшақ құлағанда ағамнан бөлек 20 адам ажал құшты. Қайсардың артында 4 баласы қалды. Жыл сайын дәл осы күні еске аламыз.

Марқұмның жора-жолдастары осыдан үш жыл бұрын Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қорын құрған болатын. Қаржы жинауға арналған жәшік бүгін осы жерге де қойылыпты. Қазірге дейін 1 млн 200 мың теңгеден артық қаражат жиылған екен. Оған үш жылда балалардың халықаралық мерекесі қарсаңында жан-жақтан жас спортшыларды жинап, Петропавлдың әдемі жерлерін аралатқан. Түрлі спорттық шаралар ұйымдастырыпты.

Зейнолла Әкімжанов, ақын:

-Достары мен жолдастары бірігіп қор құрдық. Жиылған ақшаға спортшыларға қолдау көрсетілуде. Қайсардың өзі спортты жақсы көретін еді.

Алдағы уақытта да қор мүшелері болашағынан үміт күттіретін спортшыларға қолдау білдірмек.

 

 

Акбопе Танирберген