Мәдениет

70-ші жылдары “Арай” би ансамблін құрған Валерий Хреновтың туғанына 75 жыл

Арада 40 жылға жуық уақыт өтсе де бишілер өздерін тәрбиелеген Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген қызметкері – Валерий Хреновты ұмытқан емес. Бүгін осы құрамда 20 жыл билеген Диляра Хасанова ұстаздарының құрметіне арнап «Қас қағым» атты альбомын басып шығарып, әріптестерінің басын қосып отыр. Тірі болса Валерий Иванович биыл 75 жасқа келер еді дейді, шәкірт.

Дильяра Хасанова, «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орныбасары:

-Валерий Иванович тек балетмейстеріміз ғана емес, ақылшымыз да бола білді. Ол кезде барлығымыз Киров атындағы зауытта қызмет еттік. Өзге уақыттың бәрінде бимен айналыстық. Қызықты әңгімелер айтып, көңіл-күйімізді көтеріп жүретін. Ансамблімізбен Ресейдің бірнеше қаласын, Қазақстанның барлық шаһарын аралап шықтық. Кез-келген ұлттың биін орындайтын едік. Барлық мереке-жиынның басы-қасында «Арай» жүретін. Ол кезде Петропавлдағы жалғыз би ұжымы болды. Қазір ол топ жоқ. Орынын көптеген жас толқыннан құралған түрлі ансамблдер басты.

Зауытта қызмет ететін қыз-жігеттер бос уақыттарының барлығын биге арнаған. Қазіргіндей дамыған технологиялар жоқ заманда, бишілерді Володия Обанин есімді жігіт ескі фотоаппаратына суретке түсіріп, тегін тарататын көрінеді. Альбомға еніп отырған да сол суреттер. Бүгінгі тұсау кесерге «Арай» халықтық би ансамблінің жетекшісі Владимир Хреновтың шәкірттерінен бөлек, туыстары да келіпті.

Лариса Дробушева, В.Хреновтың жиені:

-Мен бәрінен бұрын ағамның 75 жылдығына арнап альбом шығарып отырған Диляра Хасановаға алғыс айтамын. Автор бұған дейін де бірнеше кітаптарында Валерий Иванович жайлы да жазды. Ағам өте жақсы адам еді.Тек биді ғана ойлайтын. Қазақ билеріне деген ықыласы ерекше еді. Жүрген жерінен түрлі әуендердің пластинкаларын жинап жүретін. Менің анам екеуі бірге билейтін.

Валерий Хренов көбіне халық билеріне ықыласы ауып тұратын дейді жиналғандар. Мына альбомға назар салсаңыз, ұжымның «Қазақстың қалжың биі», «5 қыз» билерін орындап жатқандағы суреттерін көзіңіз шалады. Кешке жиналғалған «Арай» халықтық би ансамблінің солистері өткен күндерге көз жүгіртіп, әдемі естліктермен бөлісті.

 

Акбопе Танирберген