МТРА жаңалықтары

2015 жылы СҚО-да заңды бұзған 18 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды

Ведомство жетекшісі алдымен мемлекеттік қызметке кандидаттарды қабылдау ережелерін атап өтті. Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына конкурс ашық түрде өткізілмек. Бірінші кезеңде азаматтар тестілеуде әр заңнан кемінде 5 сұраққа дұрыс жауап беруі тиісті. Сонда ғана ол келесі сынақтарға сүрінбей өте алады.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Этика кеңесінің төрағасы:

-Тестілердің үш бағдарламасы бар. Бірінші бағдарламада тоғыз заң бойынша 165 сұрақ беріледі. Үміткер кемінде 95-іне дұрыс жауап беру керек. Екінші бағдарлама 125 сұрақтың 72 -сіне дұрыс жауап беру керек. Үшінші бағдарламада 90 сұрақтың 45-не дұрыс жауап беру керек.

Тестілеуден өткенен кейін кандидат әңгімелесуден өтеді. Онда байқау комиссиясы үміткердің білімін, құқықтық сауатылығын, жеке қабілеттерін анықтайды. Осы тұрғыда жұмысқа тұрғысы келетін азамат өзін жақсы қырларынан таныта білуі тиіс. Айтпақшы, былтыр тестілеу жүйесінің жаңа бағдарламасы бойынша тест тапсырушылардың 50 пайызы сынақтан сүрінбей өткен екен.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Этика кеңесінің төрағасы:

-СҚО 2 4 99 адам тестілеуге қатысқан. 37 пайызы тестілеуден сүрінбей өтті. Бірақ қазіргі таңда жаңа бағдарлама бойынша тестілеу өтіп жатыр. Осы қаңтар айының 20-сына жасалған сараптама көрсеткендей, 50 пайыздан астамы тестілеуден өтіп отыр.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдарды біліктілігі жоғары мамандардан жасақтау үшін ең алдымен конкурстың мейлінше әділ өткені маңызды. Осы ретте тілшілер спикерлерден заңбұзушылыққа жол берген азаматтар қандай жауапкершілікке тартылатындығын сұрады.

Фариза Жазитова -“Қазақстан- Петропавл” арнасының тілшісі:

-Мемлекеттік қызметшілер нақты қандай заңбұзушылықтарға жол берген.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Этика кеңесінің төрағасы:

-14 адам тәртіптік жаза қолдану ережесін бұзған. 11-і конкурс өткізу ережесін. 8 адам этика қағидаларын бұзды. 402 факт басқа заңнамалар бойынша. Онда басым көршілігі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзуға қатысты болды.

2015 жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің жаныныдағы тәртіптік кеңес жұмысының қорытындысы жарияланды.

Айгүл Ысқақова – “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетінің тілшісі:

-16 адам тәртіптік кеңестің шешімімен қызметінен босатылды ма. Және сол шешімен келіспей сот арқылы қайтадан жұмысқа орналасқандар болды ма?.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Этика кеңесінің төрағасы:

 

-Жоқ, ондай фактілер орын алған жоқ.

Былтыр сыбайлас жемқорлыққа жол берген 16 адам қызметінен босатылып, тағы 14 маманға ықзметіне толық сай еместігін жөнінде ескерту жасалыпты.

Берик Касен