Құқық қорғау органдары

Заңсыз аңшылық құрған Қызылжар ауданының тұрғыны ұсталды

Ал 1-ші қаңтардан бастап тұяқты жануарларға саятшылық құруға тыйым салынған. Солтүстікқазақстандықтар 15-ші ақпанға дейін тек қояндарға аңшылық жасай алады. Дейтұрғанымен заңды белінен басатындар баршылық.

Руслан Рахымжанов – Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары:


– 26-шы қаңтар күні полиция бөліміне Согров мемлекеттік корығы аумағында заңсыз аң аулау фактісі бойынша хабар келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы шығып, сол маңнан бес елік пен екі аңшы мылтығы салынған көлік тоқтатылды.

Көлік иесі сол маңда бірден қолға түсті. Анықталғандай жүргізуші 27 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Енді айыптының кінәсі мойындалса онда заңбұзушы 10 млн. теңге көлемінде айппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Руслан Рахымжанов – Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары:

– Елік еті мен аңшылық қаруы сот экспертизасына жіберілді. Қазіргі таңда кінәлі тұлғаларды анықтауға және айғақтық заттарды тексеруге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кейін қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.

Жалпы бұл жыл басынан бері Қызылжар ауданында тіркеліп отырған екінші браконьерлік факті. Алғашқысы қаңтардың 5-сі күні орын алды. Сивково селосының маңында полицейлер Петропавл қаласының тұрғыны тізгіндеген көлікті тоқтатқан. Тінту барысында машинадан аңшы мылтығы мен атып алынған елік табылды.

 

Риат Шони