Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңын талқылады

Сондықтан қаржылық бақулау инспекциясының мамандары ол ең алдымен жұмыстың сапасын жақсартуға бағытталған дейді.

Зәуреш Қапарова- СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:


–  Егер бұрындары біздің қызметімізге қателіктерді анықтау кірген болса, алдағы уақытта бақылаудан мемлекеттік аудитке өтудің арқасында инспекцияның жұмысы заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталмақ. Яғни, мемлекеттік қаржыны игеретін органдардың аяғын шалыс басуына жол бермеу керекпіз.

Бұдан бөлек ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуға қатысты заң жобасы да енгізілді. Мұнда да көптеген өзгерістер бар. Соның алғашқысы ендігі уақытта мемлекеттік сатып алулар бұрынғыдай қағаз жүзінде емес, электрондық түрде жүргізіледі. Яғни, ол жасалған келісімнің ашықтығын қамтамасыз етпек.

Виталий Пак- СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы:

 

– Жаңа заң сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге бағытталған. Онда тапсырыс берушілер конкурс жариялап, оған қатысатын мекемелер арнайы сайтта байқаудың талаптарын көре алады. Егер кемшілік байқаса, не ол міндеттер өзгертуді қажет етсе, өз пікірін жазып қалдырып, кейін құжат қабылданса, сол бойынша жұмыс істей алады.

Бұл есепшілер үшін маңызды тақырып болғандықтан олар баяндамашыларды ерекше қызығушылықпен тыңдауда. Өйткені осы заңның аясында олар алдағы уақытта жұмыс істейтін болады.

Магжан Ахмадина