Қоғам

Қызылжар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Осы уақыттың ішінде еліміз халқының ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында жер жаһанға танылды, өзінің түрлі экономикалық қиындықтарды еңсере алатын әлеуеті бар мемлекет екенін танытты. Берекемізді нығайтуда Достық үйінің шаңырағы астындағы әр этно-мәдени бірлестік аянбай тер төгеуде дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.

Наиль Салимов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– 20 жылдық тарихы ішінде Ассамблея елімізде ұлтаралық достықты нығайтуға бағытталған түрлі шаралар өткізді, ауқымды жобалар жасалды. Солардың бірі – «Бейбітшілік пен келісімінің жол картасы». Бұл бағдарламаға біздің облысымыз белсенді қатысты. Сондай-ақ, қайырымдылық кештер де ұйымдастырылды.

Тарихты, салт-дәстрүді жаңғыртуда ұрпақтар сабақтастығын сақтау маңызды. Осы ретте Қызылжар ауданының жастары биыл көптеген шара ұйымдастырмақ ниетте.

Еркебұлан Қарипов – «Мақсат» этно-мәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі, Қызылжар ауданы:

– Біз мәдени түрде ән мен күйімізді орындап үлкен кештер жасаймыз. Мақсатымыз республика деңгейінде дарынды, мәдениет саласында жүрген жастарды жинап мереке ұйымдастыру.

Жиын соңында Қызылжар ауданы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Руслан Растеновке облыстық ҚХА-ның атынан мақтау қағазы табыс етілді. Бұл аудан Астана қаласында өткен республикалық жиында қайырымдылық жобалардың үздік авторы атанған.

Айгерим Ержанова