Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілуде

Александр Засыпкин- Қызылжар ауданы:


–  Қазір 23 бас ірі қараны алып қойдым. Алдағы уақытта асыл тұқымды малдың басын көбейтуді көздеп отырмын. Жер телімін алдық. Кәсіпкерлер палатасы маған бизнес жоспар құрға көмектесті.

Ал бұл қолдаудың жемісін көріп отырған жандардың бірі – Антонина Севостьянова. Ол өткен жылы орталықтың демеуіне сүйеніп, Мамлют қаласында азық-түлік дүкенін ашқан.

Антонина Севостьянова- Мамлют ауданы:


–  Мен кәсіпкерлер палатасына кеңес алуға келдім. Барлық құжаттарымды реттеп, “Бизнестікң жол картасы 2020” бағдарламасымен 4 млн теңге несие алдым. Оның жартысын нысанды қалыпқа келтіруге жұмсасам, қалғанына тауар сатып алдым. Міне 1 жылға жуық уақыт дүкенім жақсы жұмыс істеп жатыр.

Ал жалпы өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 12 мыңға жуық жерлесімізге бизнесін ашуға қатысты кеңес берген.

Александр Бердниченко- СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

 

– Өткен жылы біз 1200 бизнес суъбектісіне сервистік қолдау таныттық. Яғни оларға 1798 қызмет түрі көрсетілді. Қазіргі кезде кәсіпкерлерге әсіресе, бухгалтерлік, заңгерлік және кедендік салаларда көп көмек көрсектіледі. Бізге тек тәжірбиелі бизнесмендер ғана емес, ісін енді бастағалы жатқан жандар да келіп кеңес ала алады.

Ал өткен жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан аудандарда құрылған кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының көмегі арқасында 147 адам өз ісін ашса, 610 солтүстікқазақстандық «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша арнайы курстардан өткен. Тағы 203 азамат несие рәсімдепті.

Магжан Ахмадина