МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков халық алдында есеп берді

Ауыл Қызылжар ауданының Лесное селолық округіне қарайды. Бұл жерде 900-ге жуық адам тұрады екен. Мұнда халықты толғандыратын мәселелер баршылық.

– Бұл ауылдың тұрғындары үйлеріне ауыз суды міне, мына құдықтан тасиды. Бірақ, күніне небәрі бірнеше сағатқа берілетін тіршілік көзін кейбіреуі алып үлгермейді екен. Себебі, уақыт шектеулі.

Аталмыш проблеманы тұрғындар аудан мен округ әкімі өткізетін есептік кездесуде көтеруді жөн көріпті.

Екатерина Мазурина – Пресновка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Суды біз кешкі сағат 5 пен 7 аралығында аламыз. Жазда, кейде тіпті, еккен жеміс-жидектерімізді суаруға жетпейді. Сондай-ақ, ауылда автобус мәселесі де өзекті. Бұрын жүрген қоғамдық көлік қазір жоқ.

Сонымен, есеп беру басталды. Халық алдына алғашқы болып Лесное селолық округінің әкімі Абылай Жақыпов шығып, өткен жылды қорытындылады.

Абылай Жақыпов – Лесное селолық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:


–  Биыл біздің округте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында наубайхана мен дәмхана ашылады. Сондай-ақ, металл бұйымдарын жасайтын жеке кәсіпкерлік ісін бастайды. Яғни, жұмыссыздық тағы да біршама азаяды.

Аудан бойынша да жұмыссыздықпен күреске ерекше көңіл бөлінеді.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:


–  Ағымдағы жылы 2708 адамның екі қолына бір күрек табылды Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығында 1650 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы 2016 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 300 адамды ембекпен қамту жоспарланған.

Айту керек, Қызылжар ауданында абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. 2015 жылдың өзінде бұл мақсатта республикалық бюджеттен 41 млн теңге бөлініпті. Қаражаттың бір бөлігіне елді мекендерге 300-ге жуық жарық шамы орнатылған.

Бибігүл Қапарова – Пресновка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Мен осы ауылға көшіп келгелі 11 жыл болды. Ауылымыз жақсы, таза. Көшемізді қыстыгүні тазалап тұрады. Қардың астында қалып жатқан жоқпыз. Бірақ, жұмыссыздық бар.

Өткен жылғы есептік кездесуде Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабековке тұрғындардан 196 ұсыныс-тілек келіп түскен. Оның 50-і бойынша тиісті шешімдер шығарылып, бақылауға алынған.

Айгерим Ержанова