Қоғам

Петропавлда тұрақты баспанасы жоқ үйсіздерге арналған орталық ашылды

Жасұлан Сомтеміров – тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры:

– Біздің басты мақсатымыз – адамдардың аязда тоңып, үсіп қалуына жол бермеу. Есігіміз панасыздар үшін әрдайым ашық. Орталық кешкі сағат алтыдан бастап қабылдайды.

Мұнда жеткізілмес бұрын үйсіздерден қабылдап-тарату бөлімінде саусақ іздері алынады. Қазір қалада 25 пен 60 жас аралығындағы 300-ге жуық қаңғыбас бар екен. Олардың көбі – ер азаматтар.

Әділ Қайредденов – Петропавл қаласы ІІБ қабылдап-тарату бөлімінің бастығы:


– Бір күн ішінде орта есеп алғанда 20-25 адам жеткізіледі. Олардың бес-алтауы әйел азаматтар.

Осылайша, қалалық Ішкі істер басқармасы қабылдап-тарату бөлімі мамандарының көмегімен 200-ден аса қылмыстың беті ашылған. Іздеуде жүрген 13 адам табылса, соның алтауы – із-түссіз жоғалғандар қатарында болған.

 

Култанов Байболат