МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Былтыр салық түсімі 2,1 млрд теңгеге ұлғайтылды. “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 80 жоба жүзеге асып, 480-нен астам жұмыс орны құрылды. Инвестиция 19,4 млрд. теңгеге көп тартылды. Қала бойынша жалпы аумағы 88 мың шаршы метрді құрайтын үйлер қолданысқа тапсырылды. Он негізгі көше күрделі жөндеуден өтті. 93 автобус аялдамасы мен 32 көше қиылысына тоқ көзін үнемдейтін бағдаршамдар орнатылды.

Өткен жылы облыс әкімдігі мен кәсіпкерлердің қолдауымен көпқабатты үйлердің ауласына ойын баласы үшін 46 алаң құрылды. Қалалықтардың сұрауы бойынша бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жиын барысында Марат Тасмағанбетов жоспарларымен бөлісті.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласның әкімі:


– Биыл “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 12 жобаны іске қосу көзделген. Инвестициялық салымдардың көлемі 5,5 млрд теңге болады. 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Үстіміздегі жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 1011 отбасыға жаңа баспана беріледі. Сондай-ақ, жеке коммерциялық үйлер қолданысқа тапсырылмақ.

Шамамен жиында 150-ге жуық адам әкімге сауалдарын жолдады. Төрт адам “Петропавл жылу жүйелері”, “Қызылжар су” серіктестіктерінің жұмысына шағымданды. Осы күні, әсіресе, Нель Болатбаев, Жуков көшелерінің тұрғындары белсенділік танытты. Олар қызыл су ағатын арықтар мен суағарлардың жоқтығын тілге тиек етті. Енді бірі кәрі ағаштарды кесіп, су құбырларын ауыстыру керек дейді. Осылайша регламент бойынша 1,5 сағатқа шақталған есептік кездесу шын мәнінде 2,5 сағатқа созылып кетті.
Соңғы екі жылда “Солнечный” шағын ауданы тұрғындарының барлық өтініштері толығымен орындалыпты. 300-ге жуық үй түтінін түтетіп отырған кентте 72 баспана орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылды.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласның әкімі:


–  Алайда, бекітілген жобалық-сметалық құжат бойынша алдағы уақытта орталық жылыту жүйесіне қосылған жеке үйлердің саны 300-ге жетуі керек. Әйтпесе, көп жылу ысырап болады. Салдарынан монополист компаниялар шығынға батуы мүмкін. Сондықтан “Солнечный” ауданының тұрғындары
барынша белсенділік танытып, үйге жылу тартып алғаны жөн.

Павел Клямер – Солнечный кентінің тұрғыны:


– Үйіме жылу берілгеніне қуаныштымын. Қазір жылуға аз ақша кетеді. Бұрындары көмір сатып алу үшін көп шығындалатынмын. Жолдарды жөндеп берді. Балалар үшін алаңдар құрылды. Қалалық әкімдіктің жұмысына көңілім толды.

Жалпы аталған аудан тұрғындары өткен жылы есептік кездесуде көтерген мәселелер шешілді деп отыр.

Кафар Шегенов – Борки кентінің тұрғыны:

–  Әкімнің жұмысына “қанағатанарық”деген баға беремін. Бүгін айтқан өтінішімді орындаймын деді.

Алтын Таева – Рига көшесі, 104-ші тұрғын үйдің үлкені:

– Марат Тасмағанбетовке ризашылығымды білдіремін. Үйдің жанындағы ағаштарды кесіп берді, балалар алаңқайын орнатты одан соң ауланы аббатандыруға қол ұшын берді.

Берік Қасен