Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар Н.Назарбаевтың Мәжілісті тарату туралы шешіміне қолдау білдіруде

Осылайша Төменгі Палатаға халық қалаулыларын сайлау науқанын уақытынан ерте ұйымдастырудың тиімді тұстарына қатысты солтүстікқазақстандықтар өз пікірлерін білдіруде. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов депутаттардың жаңа толқыны экономикалық дағдарысты еңсеруге ұмтылыс жолында Президент жүктеген тапсырмаларды сәтті орындауға серпін беретіндігіне сенімді.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

–  Қазір әлем елдерінде экономикалық дағдарыс белең алды. Сондықтан барша қазақстандықтар наурыз айында өтетін сайлауға бір адамдай қатысады деген ойдамын.

Бакыт Садуакасов