МТРА жаңалықтары

Құжаттарды рәсімдеу электронды түрде жүзеге асады

Алмаз Усманов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

– Бүкіләлемдік сауда ұйымының тізіміне енетін тауарлар kgd.gov.kz сайтында көрсетілген. Жалпы оған 1347 өнім түрі кіреді. Егер де электронды есеп фактурасын уақытында толтырмаса немесе мүлдем жазбаған жағдайда құжатта көрсетілген сомадан 30-дан 50 пайызға дейін әкімшілік жауапкершілік тағайындалады.

Жалпы бүгінде Петропавл қаласы бойынша 17 мың жеке кәсіпкер мен 4 мыңға жуық заңды тұлға бар. Дәрілік жабдықтар ұлттық сараптама орталығының Петропавлдағы аумақтық филиалының директоры Гүлнәр Жангузина жаңа заңнама уақытымызды үнемдеуге көмектесетеді дейді.

Гүлнәр Жангузина – “Дәрілік жабдықтар ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК Петропавл қаласы аумақтық филиалының директоры:


–  Электронды есеп-фактурасын енгізу – өте дұрыс шешім. Әсіресе, тауарды басқа аймақтан әкелген кезде уақытты әлдеқайда үнемдейді.

Электронды есеп-фактураны тапсыру үшін салық төлеуші тіркелген мекен жайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында заңды және жеке тұлғаға арнап екі электронды сандық қолтаңба алуы қажет. Бұл туралы толығырақ Петропавл қаласы Кәрім Сүтішев көшесіндегі 56 А нөмірлі ғимаратта орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасынан немесе 46-66-84 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.

 

Риат Шони