Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдің тәртіп сақшылары 2015 жылды қорытындылады

Жалпы өткен жылы аймақта 10 мыңнан аса қылмыс тіркелген, соның 60 пайызы – өзгенің мүлігін қолды ету фактілері.

Берік Біләлов- СҚО ІІД бастығы:


–  Қылмысты ашу бұл біздің жұмыстың басты әрі маңызды көрсеткіші болып табылады. Облыста осы ұрлықтың алдын алу бағытында нақты шаралар жүргізілуде. Десе де, әлі көрсеткіштерді жетілдіре түсеміз. Бұдан бөлек, алдын алу шараларын ұйымдастырудың арқасында жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстар саны артқан жоқ. Қоғамдық орындарда болатын заңбұзушылықтар 9 пайызға кеміді. Өткен жылы 320 келі есірткі заты тәркіленіп, 17 контрабанданың жолы кесілді.

Бұдан соң жиында өңірдің бас құтқарушысы сөз алып, 2015 жылды қортындылады. Және көктемгі су тасқынына облыс құрылымдарының даярлығын баяндады. Кейін сөз тізгіні СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бөкенбай Жүсіповке берілді. Ол да өз қызметінің қортындыларын шығарып, бірқатар көрсеткіштерге тоқталып өтті. Бірақ оның жұмысын вице-министр мен облыс әкімі сынға алды. Өткен жылы жазасын өтеп шыққан 100-ден астам азамат қайтадан темір тордың ар жағынан бірақ шыққан. Бұл олармен жұмыстың жасалмай жатқандығының көрінісі деді министрдің орынбасары. Бұдан бөлек аяғын шалыс басқандарды екі қолға бір күрекпен қамтамасыз ету керектігі айттылды.

Ерлан Тұрғымбаев- ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

– Осындағы әйелдер колониясында болдым. Онда цех бар, қондырғылар да жеткілікті. Бірақ жұмыс мардымсыз. Сіздер шағын және орта бизнеспамен қоян қолтық жұмыс жасау керексіздер. Қазір мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында сіздерге сол цехтың шаруасын жандандыруға болады. Ол үшін сіздеде рұқсат бар. Алып зауыт ашу керек деп айтып отырған жоқпыз, бірақ кішігірім істі бастауға болады ғой. Ол сотталғандарға азын-аулық қаржы жинап, кәсіп меңгеруге пайдалы болады. Бір сөзбен айтақнда табыс көзі.

Кездесуде жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің жұмысы жайлы да айтылды. Өткен жылы әкімшілік полиция қызметкерлері 1 млрд теңгеге жуық сомаға хаттама толтырған, бүгіндері соның 69 пайызы өндіріліп алынды. Яғни облыс қазынасы еселене түсті. Бірақ тәртіп сақшылары әлі де болса кей бағыттарға басымдық беріп, жұмысты жақсартуы қажет деді жиында сөз алған облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:


–  Ол ең алдымен бұрын сотталғандармен алдын алу жұмыстарын жүргізу. ІІО ондай жандардың қайтадан қылмысқа баруына жол бермеуі керек. Бүгіндері өңірде жастардың саны артып келеді. Қоғамдық тәртіпті қадағалауға басымдық берген жөн.

Жалпы теріскейге келген ІІ вице-министрі өңірдің тәртіп сақшыларының жұмысына оң бағасын берді. Бірақ өз кезегінде ол жоғарыда сөз етілген жақсы нәтижелерді айтпай-ақ, кемшін кеткен тұстарды түзету керектігіне тоқталды. Ол ең алдымен тәртіп сақшылардың өздерінің заңбұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау. Шен таққандар өз қызметін асыра пайдаланбауы тиіс.

Ерлан Тұрғымбаев- ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:


–  Өткен жылы 13 полицей осындай заңбұзушылыққа жол берген. Тағы тәртіп сақшыларының қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы орын алды. Ондай адамдар форма киіп, шен тағуға лайық емес деп есептеймін. Сондықтан, міндетті түрде жұмыстан босатылуы керек. Ал біз өз кезегімізде полицейлердің арасында бармақ басты, көз қыстылық фактілерін болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын күшейту қажетпіз.

Ал жиын соңында 2015 жылдың қортындысы бойынша жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін бірқатар солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Кейін үздік аумақтық бөлімдер анықталып, оларға бағалы сыйлықтар берілді.

Магжан Ахмадина