Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан бері 186 қылмыс тіркелген

Бірақ, кейуана қылмыскердің ерекше көзге түскен ақшыл етігін есте сақтап, бірден полицейлерге хабарлайды. Кейін тәртіп сақшылары 24 жастағы күдіктіні қолға түсіріп, жәбірленушіге ұрланған заттарын түгелімен қайтарып берген.
Ал, ұсталған жігіт осыған ұқсас әрекетке барғаны үшін ертеде басы істі болыпты. Бүгінде ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберіліп отыр. Егер де оның қылмысы дәлелденсе, күдікті 4 жылға сотталады немесе 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Баукеспені құрықтағандар – 6637 әскери бөлімшесінің қызметкерлері: капитан Арман Темірбаев, сержант Руслан Жұмағалиев пен ефрейтор Иван Кураев. Бұл еңбектері үшін ер азаматтарға Петропавл қаласы ІІБ бастығының атынан алғыс хат табыс етілді.
Жалпы, жыл басынан облыс орталығында 186 қылмыс жасалған. Оның 134-інің ізі суымай ашылды.

Арман Темірбаев – 6637 әскери бөлімінің әскери жасақтар бойынша кезекшісі:

– Мен автопатруль құрамында болдым. Рига көшесіне кірген бетте, күдіктінің сипатына ұқсас келетін адамды байқадық. Ол қашып кеткісі келді. Біз көлікпен жүрген соң, тоқтады. Осылайша күдікті ұсталды.

Айгерим Ержанова