Мәдениет

Петропавлда Г. Свиридовтың 100 жылдығына арналған концерт өтті

Анна Горбунова облыстық филармонияның камералық хорында 13 жыл бойы өнер көрсетуде. Әншінің айтуынша, бұл концерт басқа кештерге қарағанда өзгеше.

Анна Горбунова – облыстық филармонияның камералық хорының әртісі:

– Шығармашылық кеш қайталанбас репертуарымен ерекшеленеді. Біздің ұжым орыс композиторы Георгий Свиридовтың туындыларын орындауда. Әрине, бұл концертке жақсы дайындық жүргіздік.

Концертке облыстық филармонияның камералық хорының көркемдік жетекшісі Юрий Колчин дирижерлық етті. Бұл күні ұжымның орындауында “Ты воспой, воспой”, “Ой, горе, горе” сынды орыс халқының танымал ұлттық әндерін тыңдауға мүмкіндік туды.

Юрий Колчин – Облыстық филармония камералық хорының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:

– Бүгін біз үшін айрықша күн. Орыс музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған ерекше дарын иесі Героргий Свиридовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, облыстық филармонияның камералық хоры қала тұрғындарына ерекше сый тартуды ұйғарды.

Жалпы, концерт 1 жарым сағатқа созылып, көрермен камералық хордың орындауында 17 әнді тыңдады.

 

Сагыныш Маркашева