Энергетика

«Севказэнергосбыт» ЖШС ұсынған қызметтердің артықшылығы

Өткен жылдың тамыз айында олар бірыңғай төлем құжатын құрып, осы аралықта тың жаңашылдықтың артықшылығын сезіп үлгеріпті. Онда пәтерге келетін жылу, жарық және ПИК-і қызметінің төлемдері бір құжатқа біріктірілген.

Күшқайрат Құсайынов – «Таң-Нұры Петропавл» ПИК төрағасы:

– Мамыр айында біз «Севказэнергосбыт» серіктестігіне өтініш тастадық. Кейін тамызда осы қызметке қосылдық. Енді міне біздің ПИК қызметінің төлемдері осы Севказэнергоның қағаздарымен бірге келеді. Менің ПИК-ме 4 үй кіреді 275 пәтер бар. Тұрғындардың барлығы осы қызмет тиімді дейді.

Ал ПИК төрағалары әр 10 күн сайын «Севказжэнергосбыт» серіктестігіне келіп, төлемдер реестрін тапсырады. Бұл қызметтің тиімділігін естіген Татьяна Хатько да енді осында қосылмақ. Баламен үйде отырған нәзік жанды бірыңғай төлем құжаты қазіргі заманда алтынан да қымбат уақытты үнемдеп, барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді дейді.

Татьяна Хатько:


– Бұл қызмет жайлы құрбымнан естідім. Онда тіркеліп, барлық ақпаратты үйден шықпай-ақ алуға болады. Мен үйде баламен отырамын сондықтан көбіне далаға шыға алмаймын. Сондықтан төлемдерді интернет арқылы тапсыру ыңғайлы. «Жеке кабинетте» бұдан бөлек, есептеу құрылғыларының жағдайы мен кәсіпорынға қарыз болсаң соны да көруге болады.

Бүгіндері «Жеке кабинет» қызметін 2 мыңға жуық солтүстікқазақстандық пайдаланады.

Мағауия Сағандықов – «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры:

–  «Жеке кабинет» қызметі арқылы тұрғындар кәсіпорынның жұмысы жайлы ақпаратты біле алады. Нормативтік-құқықтық актілерді көріп, тарифтердің қалай құралатындығын, белгілікті бір учаскіде ақау болса, оның не себепті болғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, бұл қызмет біздің мекеменің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Тағы біздің бақылаушылар көбіне жұмыс уақытында түбіртектерді үйді-үйге таратады. Тұрғындардың көбі жұмыста. Сондықтан осы сайтқа кіріп петропавлдықтар ақы төлей алады.

Келешекте «Севказэнергосбыт» ЖШС өзге коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдар және қаламыздың ПИК әріптестік орнатпақ. Яғни, олардың арасында ортақ осындай сайт құрылып, бірыңғай төлем құжатын жасау көзделген.

Магжан Ахмадина