МТРА жаңалықтары

2015 жылы “БЛОК” ЖШС жарты млрд теңгенің өнімін шығарды

Тіпті, аз уақыт ішінде үлкен машиналарды басқаруды да үйреніп алған. Дәл қазір ол әріптестерімен бірге ұзындығы 4 мың метр болатын лакталған мата әзірлеуде.

Надежда Есько – «БЛОК» ЖШС жұмысшысы:

– Мұнда орналасқанда бастапқыда қиналдым. Жұмысым оңай емес сияқты болып көрінді. Бірақ, ұжымға тез үйреніп кеттім. Қызметім өзіме ұнайды. Жалақымыз жақсы. Тіпті, сыйақы алып тұрамыз. Бұл біздің сапалы жұмыс істеуімізге септігін тигізері анық.

Мәселен, бұл материалдың 1 мың метрін бір аппаратта әзірлеп шығару үшін мұндағы жұмысшылар ауысым бойынша бір тәулік бойы тынбай еңбектенеді.

Надежда Есько – «БЛОК» ЖШС жұмысшысы:

– Дәл қазір біз капрон материалы мен 4 мың метр лакталған мата дайындап жатырмыз. Бұл тапсырыс 4 күн ішінде дайын болады. Мұнда құрылғының үстіңгі бөлігінде материалымыз бірнеше рет кептіріліп, 3 лак ваннасынан өтеді. Кейін дайын болғасын рулонға орап, сапасын тексертуге зертханаға жібереміз. Содан соң ғана тапсырыс берушіге жіберіледі.

Бұл өнім электр тоғынан оқшаулау мақсатында қоладынылады. Сол себепті, оның сапасын ең алдымен зауыт жұмысшылары тексеріп алады.

Өткен жыл «БЛОК» серіктестігі үшін жемісті болған екен. Өндіріс көлемі 138%-ға өсіп, қызметкерлерінің жалақысы 32%-ға артқан. Сондай-ақ, қосымша 18 жұмыс орны ашылып, қатарға жаңадан мамандар қабылданыпты. Бір жылдың ішінде кәсіпорын жарты млрд теңге табыс тапқан. Биылға құрылған жоспар да ауқымды.

Анатолий Сысоев – «БЛОК» ЖШС директоры:

– Көктем мезгілінде жаңа цех ашуды жоспарлап отырмыз. Онда “Ризолин” жабындық материалын шығарамыз. Ол нысанның құрылысы аяқталған. Машиналарымыз қазір дайындық үстінде. Құрылғыларды ақпан айында орналастыра бастаймыз. Жаңа өндіріс орнынан тағы 15-20 шақты адам жұмысқа қабылданбақ. Шетелдіктерден де үлкен тапсырыс алып жатырмыз. Үлгеруге тырысамыз.

Бүгінде кәсіпорында тұрақты жұмыс орнымен 83 адам қамтылған. Серіктестік шығарған өнімін елімізде ғана саудалап қоймай, Ресей, Украина, Белорусия, Өзбекстан мен Монғолияға экспорттайды.

Култанов Байболат