Қоғам

СҚО-лықтар ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына ат салыспақ

Бұл күні ел тұрғындары Парламеттің төменгі палатасы мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайламақ. Еске сала кетейін, Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 20-сы күні бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін мезгілінен бұрын тарату туралы қаулыға қол қойды. Елбасының шешімін солтүстікқазақстандықтар да қолдайды.

Василий Мантариди, Константиновка орта мектебінің директоры, Айыптау ауданы:

– Бұл дұрыс шешім. Бізге қазіргі уақытта – жаңа адамдар мен жаңа күш керек. Президентіміз айтып кеткендей, біздің жұмылған жұдырықтай болып, бір-бірімізге қолдау танытуымыз қажет. Сол себепті, әр азамат өзінің тәуелсіз еліміздің патриоты екенін дәлелдеуі шарт. Барша қазақстандықтар еліміздің болашағын анықтау үшін сайлауға келеді деген сенімдемін.

Иван Исаев, «Мұнаймаш» АҚ операторы:

– Біз, зауыт қызметкерлері Президентіміздің экономикалық дағдарысты жеңіп шығу мақсатындағы халық қалаулыларын қайта сайлау жөніндегі жоспарын қолдаймыз. Біздің ойымызша, жаңа құрам келсе барлық мемлекеттік бағдарламалар толықтай жүзеге асады. Еліміздің жастары ретінде, біз де бар күш жігерімізді салып еңбек етеміз.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры»:

– Қараша айында Президентіміздің жолдауы болып, үлкен-үлкен міндеттерді алдымызға қойып берді. Енді міне депутаттарды кезектен тыс сайлау керек деген шешімін шығарып отыр. Мен өзім ел азаматы ретінде айтайын дегенім бұл үлкен ұйғарым. Дүниежүлік экономикалық дағдарыс орын алып отырған уақытта мұндай шешмнің қабылдануы орынды. Біздің елімізге жақсы бір тың серпіліс, өзгерістер керек.

 

Акбопе Танирберген