МТРА жаңалықтары

Облыстық этно-мәдени бірлестік жетекшілері ҚР “Медиация туралы” заңын талқылады

Гүлбақша Мұсабаева, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі:

– 2011 жылдың 28 қатарында елімізде медиация туралы заң қабылданды. Сондықтан да бүгінгі тақырыпты медиацияға арнадық. Арнайы мамандардың баяндамаларын тыңдамақпыз.

Қазіргі қоғамда дау да, кикілжің де жиі кездеседі. Кез келген ұсақ-түйек мәселемен сотқа жүгінетіндер көп. Оларды сотқа дейін және соттан тыс медиация жолымен шешуге болады. Бұл бағытта елімізде медиация заңы да жүзеге асуда. Кезінде қазақтар дау туса билерге жүгінген. Қазіргі медиаторлардың қызметін – сол заманда ақсақалдар атқарған дейді, “Қоғамдық келісім” КММ бас сарапшысы Сағындық Салмұрзин.

Сағындық Салмұрзин, : “Қоғамдық келісім” КММ бас сарапшысы:

– Менің тақырыбым кезінде ақсақалдар мен билер айналысқан бітімгерлікке арналды. Олар кез-келген мәселені өз көрегенділіктерінің арқасында шешкен.

Жиын соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация орталығының мүшелері бекітілді. Бүгінгі күні “Ынтымақ” медиация және құқық орталығында 25 медиатор маман жұмыс жасайды екен.

 

Акбопе Танирберген