Білім

Қалалық білім беру мекемелері директорларының кеңесі өтті

Сайран Еспандиярова – Петропавл қаласы білім бөлімі секторының меңгерушісі:

-Облыс орталығында әлі де балабақша жетіспеушілігі байқалады. Өткен жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 970 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Биыл тағы осы жобаның арқасында 975 бүлдіршінді қамту жоспарланып отыр.

Жиында қаладағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды. Өйткені, қазір кейбіреуінде әлі де болса құрал-жабдықтар қажет. Шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов бұл сұрақтың шешілуін бақылауға алатындығын жеткізді.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Қаладағы барлық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын бір уақытта жаңарта алмаймыз. Бұған бір бюджет қаражаты жеткіліксіз. Осы жағдайды білім бөліміне облыстық басқармамен бірлесіп шешу жолдарын қарастыруды жүктеймін.

Жиында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жайы да талқыланды.

 

 

Бакыт Садуакасов