Спорт

Петропавлда “PetroLeague” аула футболынан турнир бастау алады

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” жастар қанатының Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

-Бұл турнирдың негізгі ойындары ақпан айында өтеді. Онда топтық кезеңдегі командалар сынға түспек.

Осы жылы сайысқа қатысуға 17 құрама өтініш білдірген. Олардың 4-еуі аудандық ұжымдар. Командалардың қарсыластары жеребе арқылы анықталды. Осы жарыста былтырғы жылғы “PetroCup” жазғы турнирының чемпиондары «Динамо» командасыда бақ сынамақ.

Евгений Кошкин – «Динамо» командасының капитаны:

-Біздің құрама бұрын футболмен айналысқан жігіттерден тұрады. Сондықтан жасыл алаңда бір-бірімізді түсіну оңай. Осы жарысқа қатысқалы отырған футболшыларды жақсы білемін. Көпшілігі мықты споршылар. Алайда, жеңіске жетуге барымызды саламыз.

Қаламызда осы аптаның демалыс күндері бастау алатын жарыс әлеуметтік желілер арқылы футбол сүйер қауымға тез тарады. Тіпті, Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смаковта турнир жайлы өз ойын білдірді.

Люфт Интернеттен: Самат Смаков – Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы:

-Құрметті Петропавлдықтар! Мен сіздерді “PetroLeague” турнирын тамашалауға шақырамын. Елімізде футболды дамыту қажет. Сондықтан осындай жарыстарды жиі өткізген жөн.

Турнир қаламызда наурыз айына дейін жалғаспақ.

 

 

Култанов Байболат