Қоғам

Петропавлда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фотокөрме өтті

Ендігі тарихқа айналған оқиғалар. Бұл қабырғадан Елбасының әлем көшбасшыларымен кездесулерінде түсірілген кадрлар орын алған. Мына суретке Н.Назарбаев 2001 жылы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчермен түсіпті. Ал, мынау АҚШ президенті Барак Обамамен 2010 жылы Вашингтондағы өткен кездесуінен.

Жібек Жүзенова, Облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:

-2000 жылдан бастап бүгінге дейін республикадағы және СҚО-дағы тарихи оқиғалар бейнеленген суреттер қойылды. Олардың басым бөлігі Н.Назарбевқа арналған. Себебі, тәуелсіздік жылдарында еліміздің көркейіп, тұрақтылықтың орнауы – Елбасымыздың жетістігі.

Көрмеде Қазақстанда өткізілген саммиттер мен әлемдік дін өкілдерінің кездесулерінде жасалған суреттер де бар. Мұндай маңызды басқосуларда Елбасы мемлекетаралық және ұлтаралық қарым-қатынасқа байланысты маңызды мәселелерді шешті дейді петропавлдықтар. Көрмеге келушілердің назарын аударған – жас Астананың қалыптасу кезеңіндегі суреттер. Санаулы жылдарда жазық дала көптеген заманауи ғимараттар бой түзеген әдемі қалаға айналды. Мұнда Тұңғыш Перезиденттің аграрлы аймаққа жасаған сапарларынан да естелік суреттер көп.

Ульяна Юрченко, Н.Крупская атындағы №10 орта мектептің оқушысы:

-Біз бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмеге келдік. Осы уақыт ішінде Қазақстанда қандай оқиғалар орын алғанын көрдік. Түрлі маңызды кезеңдерде Елбасының атқарған елеулі еңбектері жайлы суреттерді тамашаладық.

Көрме ақпанның 15-не дейін жалғасады.

 

 

Акбопе Танирберген