Спорт

Жерлес волейболшы қыздар қысқы ел чемпионатынан жүлдемен оралды

Гауһар Исмағұлова – “Қуаныш” ВК ойыншысы:

-Жарысқа біз жақсы дайындалдық. Күнде осы жерде жаттығу жасадық. Енді келес сайыстарда да жеңіспаз атануға тырысамыз.

Жалпы Жайық жағасындағы жарысқа 10 құрама қатысқан. Сайыста, сондай-ақ теріскейлік 2000-2001 жылы туылған қыздар да өнер көрсетті. Олар өз қатарластарымен сынға түсіп, 3-ші орынға қол жеткізді.

Владимир Перепечин – “Қуаныш” ВК аға бапкері:

-Біздің облыстан сондай-ақ, орта топтағы қыздар да сәтті өнер көрсетті. Олар Жетісу командасына ұтылғанымен, қостанайлық волейболшыларды тізе бүктірді. Осыдан соң ұпай сайндары бойынша үшінші орын иеленді. Жалпы қыздардың ойынына көңілім толды. Енді ары қарай осы қарқында жұмыс істеу керек.

Енді жерлес қыздар наурыз айында Астана қаласында өтетін көктемгі ел чемпионатына қатысады.


 

Култанов Байболат