Білім

Кәсіптік-техникалық колледждерде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шаралары бастау алды

Әлімхан Садыбан – студент қаз:

-Тәуелсіздік күні бұл қазақ халқының ең басты мерекесі. Бұл тәуелсіздікті ата бабамыз ежелден армандаған.

Дәл осы білім ордасында бастау алған мерекелік шара енді өңірдегі барлық колледждерде жалғаспақ. Жалпы біздің облыста бүгінде 27 кәсіптік-техникалық колледж бар. Оларда 12 мыңнан артық студент оқыса, 1300-ге жуық педагог еңбек етеді.

Алма Хусаинова – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

-Бүгін колледждер арасында бастау алған шараның мақсаты – бүгінгі ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялату. Еліміздің келешегі жастар болғандықтан оларды ұлтжандылыққа баулу – біздің міндетіміз. Көгілдір көк туымыздың астында баршамыздың бірлігіміз жарасып ғұмыр кешсек, Қазақстанның биік белестерге жетері анық.

Бүгінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде 10-нан аса мамандық бойынша 1500-ге жуық студент оқиды.

 

 

Култанов Байболат